Таза су
AqueenaPro
Edel Wasser
Cleansymag
Денсаулық туралы
Өнімнің артықшылықтары
Өнімнің ерекшеліктері
Мультимедиа
Куәлік
Special
Таза үй
Таза ауа
Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Home Care / Таза су
Шрифт өлшемі | A | A | A

ТАЗА СУ



AqueenaPro
Су тазалау жүйесі
Edel Wasser
Суды тазартудың жинақты және экологиялық жүйесі.
Cleansymag
Инновациялық магнитті жұмсартқыш.
Біз не ішсек содан тұрамыз!
Zepter компаниясы сіздің өміріңізді ұзақ, сау және бақыттырақ қылу үшін, өзінің өнімінің сапасын үнемі жақсартады.
 

ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ

ТАЗА СУ

Біз не ішсек содан тұрамыз!

Біз өзіміздің ағзамызда су құрамының 2%-ға ғана төмендеу кезінде шаршағанды сезінеміз, ал су құрамының 9%-ға төмендеуі денсаулықтың айтарлықтай нашарлауына әкеледі. Орташа статистикалық ересек адамның ағзасы 35-50 литр судан тұрады. Ересек адамның миы, жүрегі мен бұлшық еттері 75%, қан - 83%, өкпе - 86% судан тұрады.

Біз тыныс алатын ауа біздің өкпемізге жетпес бұрын ылғалмен дұрыс толтырылуы қажет. Олай болса, біз сусыз тіпті тыныс та ала алмаймыз.
Адам ағзасында су құрамының дұрыс баланс жасауы әрбір жасушаның дұрыс жұмысына өмірлік қажет болып саналады. Таза суды тұтыну – ағзаның қолайлы жұмысы үшін қажет жағдай.

Ересек адамға тіршілік қызметтері мен денсаулығын қолдау үшін күніне 2-3 литр су ішу керек. Ағзаның дұрыс жұмысы үшін бізге оны денсаулық үшін пайдалы таза судың жеткілікті мөлшерімен жабдықтау қажет.

Егер біздің денеміздегі су құрамы 2% төмендесе, біз шаршағандықты сеземіз, ал құрамы 9% түскен кезде маңызды мәселелердің болмауы мүмкін емес. Адам ағзасында табылатын судың 10–20% шығыны өлім нәтижесіне әкелуі мүмкін.
 





Біз не ішсек содан тұрамыз! Біз не ішсек содан тұрамыз!
 

Ауыз сумен улану.

Бізге қандай су ішу керек? Адамдардың денсаулығын сақтау үшін Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ауыз су сапасы туралы ұсыныстар жасады. Осы ұсыныстарға сәйкес әрбір ел ауыз судағы анықталған заттардың мүмкін шектегі концентрация (МШК) көрсеткіштеріне сүйену керек. Осы заттардың мүмкін концентрациясының артуы маңызды әсер көрсетуі мүмкін және тіпті біздің денсаулығымызға түзелмейтін зиян әкелуі мүмкін. Біз күнделікті тұтынылатын судың гигиеналық тазалығына сенімді бола аламыз ба?
Бензин, фтор, фармацевтикалық препараттар, пестицидтер, қорғасын, асбест, нитраттар мен радиоактивті қалдықтар – бұл тек бізбен тұтынылатын суда болуы мүмкін ластанудың бөлігі.
Суда түрлі ластаушы заттардың 800-ден астамы болуы мүмкін. Ластаушы заттардың кішкене ғана дозасы үнемі тұтыну адам өміріне жағымсыз әсер ететіні дәлелденген. Осындай суды тұтыну жүрек айну, қолайсыздық сезіміне итермелейді, бауыр ауруын, жүйке жүйесі мен тіпті қылтамақ ісік ауруларын тудырады.
Жаңа стандарттар қиын қабылданады. Мысалы, ауыз суда табылған ең ауыр металлдардың бірі қорғасынмен болған жағдайды алсақ. 1998 жылы Евроодақ ауыз су үшін жарамды және 50 ден 10 мкг/л дейін коммуналдық сумен жабдықтауға арналған суда қорғасынның МШК төмендетті.
Бірақ қорғасынды жоюға қажет қазіргі заманғы технологиялардың жоғары құнына байланысты су құбырымен жіберілетін су 2013 жылға дейін жаңа талаптарға толығымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Біздің судағы ластаушылардың жүзінің оны ғана бақылау астында болып табылады.
Микроағзалар. Су микроағзалардың көбеюі үшін ең жақсы құнарлы орта болып табылады.
Ауыз суының микробиологиялық қауіпсіздігі – оның сапасының ең маңыздырақ көрсеткіштерінің бірі немесе егер нақтырақ айтатын болсақ, бұл көрсеткіш гигиена мен денсаулық көзқарасы жағынан жарамды. Ішу, тамақ дайындау немесе гигиеналық мақсатқа арналған біз пайдаланатын суда байыпты аурудың себебі болуы мүмкін бактерия мен вирустар болмауы керек.
Химиялық заттар байыпты аурулардың себебі болуы мүмкін:

  • Күшән – біз тұтынатын судағы күшәннің құрамының артуы жүйке, асқорыту және тыныс алу жүйесінде жағымсыз өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін, күшті және созылмалы улануға әкелуі мүмкін, сонымен қатар терінің түрлі ауруларын тудыруы мүмкін.
  • Қорғасын – қорғасынмен улану су құбырының жағдайымен туындауы мүмкін. Суда қорғасын құрамының артуы жүйке жүйесінің бұзылуына, бас ми ауруларына, асқорытудың бұзылуына әкелуі мүмкін. Қорғасын жүйке жүйесіне зиян келтірудің себебі болуы мүмкін, әсіресе бас миында, біздің ағзамыздың тканінде жиналу ерекшелігі бар.
  • Сынап – суда сынаптың болуы және оның қосылыстары жүрек бұлшық еттерінің, несеп шығару жолдарын, ішек-қарын, тері ауруларын, шаш түсу сияқты т.б. нақты зардаптарға әкелуі мүмкін.
  • Кадмий – өткізілген зерттеулерге сәйкес кадмий және оныңы қосылыстары концерогенді болып табылады. Жартылай ыдыраудың (10-нан 35 жасқа дейін) үлкен кезеңін ала отырып кадмий бүйректе жинала алады.
  • Пестицидтер – көбінесе пестицидтер ағынды суларда, өндірістік және тұрмыстық канализация суағарында, сонымен қатар тікелей сумен байланыста болатын ауада кездеседі. Зерттеулер пестицидтер адам денсаулығы үшін өте зиянды, оның ішінде орталық жүйке жүйесі мен бауырға ерекше әсер әкелетінін көрсетті. Сонымен қатар көптеген пестицидтер канцрогенді болып табылады.



 

 
 Ауыз суымен улану. Ауыз суымен улану.