ZEPTER
ФОКУСТА
 
Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ /
Шрифт өлшемі | A | A | A

ФОКУСТА

ОҚИҒАЛАР

Zepter International-ды жаңадан тану

Аурулардың алдын алу және емдеу барысындағы көп жылдық тәжірибесі мен дәлелденген тиімділігіне сүйене отырып, БИОПТРОН тағы түстің шынайы күшін айқындап, 2014 жылғы 24-25 қазанда Париж қаласында өткен 2-ші Еуропалық эстетикалық және қартаюға қарсы медицина жөніндегі конгрессінде қартаюға қарсы әсері бар, түсті энергия саласындағы Үздік құрал ретінде бас жүлдеге ие болды.

Медициналық сарапшылардың халықаралық тобы БИОПТРОН түсті терапиясының қартаюға қарсы әсерін ұсынған болатын, ол БИОПТРОН түсті терапиясының коллаген эәне эластин шығаруына жауапты организмнің клеткалары - фибробласттерге тигізетін жағымды ынталандыру әсерін дәлелдейтін зерттеулер арқылы жәлелденеді.

Адам терісі қартайған сайын және күн сәулесі астында сол саны төмендейді, соның нәтижесінде адам терісінде жіңішке сызықтар мен әжімдер пайда болады. Күніне бар жоғы 10 минут уақытта БИОПТРОН түсімен қауіпсіз әрі инвазивті емес әсер етуі әжімдердің түсуіне жол бермейді.

Zepter International-дың халықаралық көшбасшы маманы және профилактилалық диагностикада саласында жұмыс жасайтын танылған дәрігер Доктор Майкл Т. МакНамара, сондай-ақ БИОПТРОН түсті терапиясын профилактика мақсатытнда да, қартаюға қарсы медицина мақсатында қолдануын ұсынды.

Дерматолог және қартаюға қарсы медицина саласының маманы д-р Кристиан Депердю, Босолей, Франция және AestheticMed & HolisticMed клиникалар жүйесін негіздеушісі д-р Ясмина Лалосевич, Белград, Сербия, БИОПТРОН түсті терапиясы жайлы дәрістер оқыды. Олар әр түрлі қартаюға қарсы шаралармен үйлесе отырып, БИОПТРОН түсті терапиясын қолданудың қарапайымдылығы және тиімділігін көрсетті: мезотерапия және гиалурон қышқылдығы негізіндегі филлерлерді қолданғаннан кейін, PRP-лифтинг және мезожіптерін пайдалана отырып, бет терісін тартудан кейін, пилинг және лазер шараларынан кейін. Мамандар сондай-ақ БИОПТРОН түсті терапиясын күнделікті сәтті қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ қараңыз http://www.euromedicom.com/amec-2014/trophy_pro.html
 

Latest recognition for Zepter International

Zepter International соңғы тануы

Zepter International соңғы тануы
 

Zepter Apart Hotel қазіргі кезде ашық!

Салтанатты өмір мен денсаулық әлеміне және Zepter керемет өміріне қош келдіңіздер!

Zepter Apart Hotel, 5-жұлдызды апарт-отель, алғашқы апарт-отель, меймандар үшін өз есігін ашты. Белград қаласының орталығында орналасқан бұл эксклюзивті апарт-отель өз меймандарына Zepter-мен бірге керемет өмір сүруге шақырады. 32 стандартты және люкс бөлмелері, 30 дан бастап 300 м2-ге дейін, ерекше сапасы, алдағы технологиялар және түпнұсқалы дизайнның арқасында әлемдік беделі бар, Zepter жоғары сапалы өнісдерімен жабдықталған.

Меймандар Zepter Masterpiece жүйесінің артықшылықтарын тамашалай алады, оның дәмді әрі салауатты ас дайындау тәсілін бағалауға мүмкіндіктері бар; Bioptron Light Therapy бүкіл дүниежүзінде қауіпсіз және тиімді емделуге арналған тиімді медициналық құрал ретінде патенттелген, клиникалық түрде тексерілген, расталғна және сертификатталған болып табылады; Zepter Home Care өнімі таза ауа, таза су, таза қоршаған ортаға жетуге арнаған, сондықтан да өз теріңізге жоғары сапалы Zepter швейцарлық косметикасын сыйлаңыз.

Отель меймандарына Zepter Клубының отырыстары, SmartLife мейманхана және Ze-presso коктейль-барын таңдауға ұсынылады. Барлық ұсынылып отырған мәзір жерорта теңізі және интернационалды асүйге негізделген, тағамдар Zepter-дің ұзақ және салауатты өмір сүруіне арналған пайдалы тағам дайындауына қатысты бірегей әрі өзгермейтін шешімдерін қолдана отырып дайындалған. Бұл отельдің керемет ерекшелегі ретінде барлық меймандарға отельдің бас аспазшының өнерін тамашалау мүмкіндігі және Zepter Masterpiece СookАrt жүйесін пайдалана отырып тағамды дұрыс дайындау құпияларын білу болып табылады.

Бүгінгі күнде, әсіресе, әрбір адамға Zepter өнімі қажет, және Zepter бұл маңызды сапаны өз меймандарына ұсынып отыр.

Zepter-мен бірге өмір сүр! Керемет өмір сүр. Ұзақ өмір сүр.

Толығырақ ақпарат мына сайтта: http://www.hotelzepter.rs/

Zepter Apart Hotel қазіргі кезде ашық!

Zepter Apart Hotel қазіргі кезде ашық!

Zepter Apart Hotel қазіргі кезде ашық!


Prix Zepter International 2014

«Жас аспазшы» байқауының жеңімпазы және Prix Zepter International сыйлығының иегері Кевин Микели аталды. 10,000 € жүлдесі және «Жас аспазшы 2014» атағына сайысқа түсіп, финалшылар аталғандар қатарында Дэниел Дэвид, Штефан Зигль және Тобиас Вусслер болды.

Жүлде 2014 жылғы 21 қазанда көптеген шетел VIP-қонақтардың меймандарының қатысуымен Вена қаласындағы Ferstel Palais-та гала-кешінде сыйға тартылды. Жоғары кәсіпті байқау қазылар алқасына бас аспазшылар және таңдаулы асүй сарапшылары кірді – Мартина Гогенлоэ, Лафер Иоганн, Жак Ганти және көптеген басқалар.

Жақында Мадлена Цептер ханымның қамқорында құрылған сыйлық оның танылған түпнұсқалылығы және өнертапқыштығы оны таңдаулы асүй саласындағы үздік аспазшы атауға мүмкіндік беретін, 35 дейін шамасындағы жастағы кәсіпқойға ұсынылады. Алғаш рет сыйлық 2013 жылғы 22 қарашада Ницца қаласында ұсынылған болатын. Оны Жюльен Рушето, Париждегі «Ланкастер» отелінің дарынды бас аспазшысы иеленді. Ол байқаудың алғашқы лауреаты аталды.

2015 жылы, байқау Польшада өтетін болады, онда тағы халықаралық гастрономиясының жаңа жұлдызы пайдй болады.

Сондай-ақ қараңыз: www.youtube.com 
Біздің бетті қараңыз
https://www.facebook.com/zepter.junge.koeche/timeline?ref=page_internal

Prix Zepter International 2014

Prix Zepter International 2014

Prix Zepter International 2014
 

Zepter International обырмен күресуде

Zepter International – тік және тоқ ішегінің обырын ерте диагностикалау және алдын алуын қолдайтын, Дагмар және Вацлава Гавелов - Vize 97 қорының бас серіктесі болып табылады. 2014 жылы 29 қыркүйекте Прага қаласында өткен Гастроэнтерологиялық Онкология Қоғамының VI құрылтайында мамандар тік және тоқ ішегінің обырын ерте диагностикалауын және алдын алу жолдарын талқылау үшін жиналды. Zepter International компаниясы сол маңызды шарада доктор Майкл МакНамара мырзамен (дипломы бар дәрігер, Монте-Карло) және Питер Минарик мырзамен (дипломы бар дәрігер, Братиславадағы Әулие. Елизавета Орталығынан ғылым кандидаты) ұсынылды.

5-ші қазан күні Президент және Zepter компаниясының басшылығы бір біріне VIZE 97 қорының қызметіне қолдауын және қызуғылышығын білдере отырып, сол салтанатты мерекеге қатысты.

Сондай-ақ қараңыз: youtu.be


2011 жылғы 24 қыркүйекте, Монакода өтетін дүниежүзіне әйгілі яхталардың шоу-көрмесінің жабылу күні, 6 уикенд кезінде Монте-Карло кемежайы олар үшін туған үйлері сияқты болған әлемдегі ең атақты яхталар кері қайтатын жолсапарға аттанды. Бұл салтанатты іс-шараға ең супер-заманауи және жұртқа әсер қалдыратын әлемдегі яхталар тартылған болатын, олар қыркүйектің 21-нен 24-не дейін шоу-көрме кезінде Монако князьдігінің суларына зәкір тастау үшін әлемнің барлық түкпірінен жеткізілген еді. 

Кері бағыты алыс Кариб аралдарына немесе Тынық мұхит өңірінің елдеріне бағытталатын бұл барлық яхталар өз бортымен бірге ең басты жаңалықты алып келеді: бүкіл уикенд бойы шоудың ең жарық жұлдызы 'joyMe - ZEPTER International-дің негізін қалаушысы және Президенті Филип Цептер мырзаның жеке яхтасы болды. 'joyMe – бұл кеме құрылысы туралы дәстүрлі елестерді өзінің дизайнының арқасында өзгерткен елу метрлік яхта. Ол ZEPTER өніміне риза, бүкіл әлем бойынша 80 000 000 астам клиент жолын қуған ZEPTER International арманын және миссиясын іске асырады.

Цептер мырзаның жеке қатысуымен әзірленген ‘joyMe яхтасы яхта индустриясының стереотиптерін өзгертеді. ZEPTER International рухында, дизайн мен инновациялық технологиялардың ең жоғары стандарттары бойынша жасалған ‘joyMe яхтасы өзінің әрбір бөлшегімен таң қалдырады. Сыртқы бейнесі мен салтанатты желілері әдемілікті іске асыру батылдығымен де таңдандырады. Осындай әсерлі көлемдері бар кеме үнемі дайындық жағдайында тұрғандай сияқты болады. Яхта әрекеттерге жетелейді және кемежайда тоқтап тұрған кездің өзінде де жылдамдық әсерін береді. Оның ашық түсі баяу бұлтарыстармен үндестікте батыл дизайнерлік шешімде іске асырылған жастық пен позитивті ойлаудың одағын паш етеді.

‘joyMe тұсаукесері көрмедегі басты оқиғаға айналды, ол бүкіл әлемнің түсіру топтары мен журналистерінің назарын аударды, олардың қатарында Францияның TF1, Fashion TV, GazetteDeMonaco, RTL, Чех Республикасының TV Prima арналары, Yachts Russia, LuxuryMagazineRich&Famous, Румыния беделді баспалары, сондай-ақ Астрия және Балкан өңірінен келген теле- және радиокомпаниялар болды. Әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары тек яхта индустриясы үшін ғана керемет емес, сонымен қатар жоғары технология мен дизайн саласы үшін де керемет болып есептелетін сәнді ‘joyMe туралы репортаж жасау үшін Монакоға келді.

Жұма күнгі кеш ‘joyMe бортындағы тамаша қабылдаумен ашылды – оған Монаконың құрметті ақсүйек тұлғалары мен халықаралық VIP-қонақтар келді. Дүниежүзіне әйгілі диджейлердің, Бразилиядан келген дауылпазшылардың музыкалары және Светлана Ливадная мен Каталин Ботезатудың ZEPTER үлгісіндегі сән көрсетілімдері кештің сәніне айналды.

Яхтаның тұсаукесеріне арналған кеш атақты қонақтардың арасында танымалдылыққа ие болды, олардың қатарында Цептер мырзаның өзі, Монакодағы Ирландияның құрметті консулы сэр Майкл Смерфит, ағзаны ерте профилактикалық тексеру және толық көшіру облысындағы дүниежүзіне белгілі дәрігер және маман доктор Майкл Мак Намара және U2 тобының менеджері Пол Макгиннес.

Бұл кеш барлығына ZEPTER үлгісіндегі өмірге араласа отырып, керемет ‘joyMe-нің бортында болу мүмкіндігін сыйлады. Инженерлік ойлау қабілетінің осы батыл және тамаша қол жеткізілімі яхта бортында болғандардың әрқайсысының өмірін денсаулықпен, бақытпен және әл-ауқатпен толтыруға мүмкіндік береді. ZEPTER International ZEPTER жабдығы және ‘joyMe-нің ерекше дизайны арқасында да өмірді жақсы жағына өзгертуге мүмкіндік бере отырып, өмірді неғұрлым салауатты және бақытты ету үшін озық технологиялар мен бірінші класты дизайнды пайдаланады.

‘joyMe – бұл яхтадан да артық. Бұл бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың арманын іске асыру және мүмкін болмайтын еш нәрсе де жоқ деген сөздің растауы ретінде. Яхтаның құрылысы Philip Zepter YachtsLtd. (Филип Цептер Яхтс) алғашқы аяқталған жобасы болды, ол сән-салтанат бұйымдарын өндірудің жаңа эрасының басталуын паш етті; одан кейін жаңа жобалар басталды, олардың әзірленімі басталып та кетті. ZEPTER International ZEPTAIR дегдарлы авиакомпаниясы сияқты компанияларды құра отырып, жоғары технологиялардың жаңа облыстарын игеруді жалғастыруда. Олар ZEPTER миссиясына жаңа жылдамдықтар қосуда және оның алдында жаңа көкжиектер ашып беруде.

Навигацияның ‘joyMe сияқты мұндай біртумасын жасауға Цептер мырзаны теңізге деген құштарлық және демалыс, ләззат және бизнестегі табыс тамаша тепе-теңдікте тұратын өмір сүруге ұмтылыс итермеледі. Нақ осы үндестік әлемдік табысқа қол жеткізуге және ZEPTER International-дің 5 құрлықтағы 60-тан астам елдерге таратылуына көмектесті. ZEPTER International өз клиенттерінің салауатты және бақытты өмірі үшін ымырасыз шешімдер ұсына отырып, өз шекараларын үнемі кеңейтуде. Тек рахат алу үшін жасалған бұл кеме ZEPTER International ұстанатын дизайнның жоғары стандарттарын бейнелейді және тұжырымдамалы дизайнның өмірді жақсы жағына қарай қалай өзгертуге болатынын көрсетеді. ZEPTER International миссиясы «Ұзағырақ өмір сүріңіз!» қарапайым ұранымен қоғамға салауатты өмір салтының, сұлулықтың және үлгінің идеяларын ойдағыдай іске асыруға болатынын көрсетеді.

www.philipzepteryachts.com

Монакодағы яхталардың шоу-көрмесі, ‘joyMe

Филип Цептер мырза, ‘joyMe – елу метрлік яхта

‘‘joyMe яхтасы өзінің жарқын сыртқы көрінісінің арқасында басқа яхталардың арасынан айтарлықтай ерекше көрінеді


Филип Цептер мырза, ‘joyMe – елу метрлік яхта

Филип Цептер, ZEPTER International Президенті, және Монакодағы Ирландияның құрметті консулы, Еуропаның іскери әлемінің жетекші өкілі сэр Майкл Смерфит


Филип Цептер мырза, ‘joyMe – елу метрлік яхта

‘joyMe-дегі кеш қызу үстінде


Филип Цептер мырза, ‘joyMe – елу метрлік яхта

Бразилиядан келген дауылпазшылардан жалынды әуен


Филип Цептер мырза, ‘joyMe – елу метрлік яхта

Бортқа қош келдіңіздер!


ZEPTER International компаниясының Президенті және негізін қалаушы, Филип Цептер өзінің шын ықыласты қайырымдылық қолдауы және керемет Денсаулық Миссиясы үшін «Эллис Аралының Құрмет медалі» беделді марапатының иегерлері, бес шетелдіктің бірі болды. 

16 мамыр 2011, Нью-Йорк

2011 жылғы 7 мамырда, Нью-Йорк, Эллис аралығындағы салтанатты рәсімде ZEPTER International компаниясының Президенті және негізін қалаушы, сондай-ақ жүниежүзіне әйгілі филантроп Филип Цептер мырза беделді халықаралық «Эллис Аралының Құрмет медалімен 2011» марапатталды. Цептер мырза қайырымдылық қызметіне жеке және кәсіби қосқан үлесі арқасында мыңдаған үміткерлердің арасынан таңдап алынды. Оның үстіне, ZEPTER International компаниясының Денсаулық Миссиясы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың денсаулығы үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар, жалпы алғанда, қоғамды жақсы жағына өзгерту ретінде де танылды..

Эллис аралының құрметті медалі қоғамға қызмет етудің, өз ата-бабаларының тарихын сақтау және атағын шығарудың мәдени топтар арасында байланыстар жасаудың үлгісі ретінде болып табылатын, сондай-ақ өздерінің жеке және кәсіби жетістіктерін қайырымды істерге пайдаланатын керемет танымал тұлғаларға беріледі.

NECO компаниясының Атқарушы директоры Розмари Таглионның (RosemarieTaglione) куәлік етуі бойынша - «Эллис Аралының Құрмет Медалі» Америкалық өмірдің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді және мызғымас рухын паш етеді. Ұлттың негізін құрайтын иммигранттар, сөз, діни таным және экономикалық мүмкіндіктер бостандығына ұмтыла отырып, Эллис аралы арқылы өтті. Эллис Аралының Құрмет Медалі – бұл жеке тұлғаларға арналған құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар алдыңғы ұрпаққа өзінің мәдени алуан түрлілігін сақтап қалуға мүмкіндік берген плюрализм мен демократия да болып табылады».

Америка Құрама Штаттарының Сенаты мен Өкілдер Палатасы елдің ең беделді марапаттарының бірі Эллис Аралының Құрмет Медалін ресми түрде танитын қарарға қол қойды. Әр жылы Эллис Аралының Құрмет Медалімен марапатталған тұлғалардың тізімі ұлт және бүкіл әлем пайдасына қосқан елеулі үлесіне құрмет білдіру ретінде АҚШ Конгресінің ресми бюллетенінде жарияланады. 2011 жылы осы марапаттың 25 жылдығы атап өтілді, бұл басқа мемлекеттің өкілі ретіндегі Цептер мырза үшін ерекше құрмет болып табылады.

Эллис Аралының Құрмет Медалін ала отырып, Филип Цептер мырза, Тони Блэрді қоса алғанда, Американың бұрынғы Президенттері Билл Клинтонммен, Джордж Бушпен, Рональд Рейганмен, Джимми Картермен және Джеральд Фордпен, сондай-ақ Фрэнк Синатра, Мухаммед Али, Роза Паркс, Эли Визель, генерал Норман Шварцкопф, Микки Мантл, Глория Эстефан, Дональд Трамп, Ли Якокка және Барбара Уолтерс сияқты атақты филантроптармен қатар осындай мараптқа ие болған бес шетелдік азаматтың бірі болды.

MonacoTimes басылымы атап өткендей, «Филип Цептер тарихы - бұл қажымас еңбектің, өз-өзіне сенімнің және тәуекелге бару ниетінің өмірлік тарихы. Қарапайым түрде 1986 жылы пайда бола отырып, оның өнімі енді Германияда, Швейцарияда, Италияда өндіріледі және әлемнің 60-тан астам елдерінде сатылады».

Цептер мырза нағыз берілген және тер төгілген 25 жылдан астам жұмыс істеу арқылы көп миллиардты бизнес құрды. Адамдарға өмір сапасын арттыратын және ұзағырақ өмір сүруге мүмкіндік беретін жоғары сапалы эксклюзивті тауарлар ұсынудың тамаша идеясын бастай отырып, ZEPTER International компаниясы көптеген жылдар бойы ерекше өсуді көрсетті. Бүгінгі таңда ZEPTER International компаниясында бүкіл әлем бойынша 130 000 мыңнан адам жұмыс істейді, ZEPTER өнімінің тұсаукесерлері әлемнің түрлі бұрыштарында әрбір 10 секунд сайын басталады және компанияның бүкіл тарихы ішінде бүкіл әлемдегі 80 000 000 астам өнімге риза болған тұтынушыларға 760 000 000 астам тауарлар сатылды.

Цептер отбасының кәсіпкерлік те, коммерциялық емес те қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар және Филип Цептер мырза бұл құндылықтарға әрқашан берілген болып қалуда. «Әлеуметтік жауапкершілік – ZEPTER Group-тің ДНК-сында орналатылған нәрсе іспеттес. Осы жылы 25 жылдық мерейтойын атай отырып, біздің Компания өзінің барлық бизнес міндеттерінің бас жағына әлемді бұдан әрі жақсарту идеясын үнемі қойып отыр», - деп Филип Цептер мырза атап өтті.

Ұзақ жылдар бойы Филип Цептер мырза атақты Гран-При Монаконы, FIBA (2003 - 2011) ресми турнирлерін, сондай-ақ мұздағы хоккейден әлем чемпионаттарын (2001 - 2011) қоса алғанда, Zepter – Ұзағырақ Өмір сүріңіз! деген бірегей идеяны үнемі алға жылжыта отырып, «Формула 1» (2000 - 2010) сериясының беделді халықаралық чемпионаттары сияқты ірі спорт іс-шараларына жомарттықпен демеушілік жасады.

Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығын қолдаудан және экологиялық проблемаларды шешуден туындаған салауатты өмір салты және жетілдіру философиясы - ZEPTER философиясының да Негізін қалаушысы болып табылады.

«Осы уақытқа дейін біз қаншама өмірді құтқарып қалғанымызды және қаншамасын ұзартқанымызды білмеген болатынбыз. Біз тіпті олардың миллиондаған адамдар екенін білген кезде, қатты таң қалдық! Міне сондықтан да біз өз қызметімізді үш есеге арттыруды және нарықта қатысуды қалаймыз. Бүгінде әлем бұрынғыдан да көбірек ZEPTER-дің Денсаулық Миссиясына мұқтаж», - деп, Филип Цептер мырза атап өтті.

1994 жылы Цептер мырза және оның жұбайы «Филип және Мадлена Цептер Қорының», гуманитарлық зерттеулерді қолдау және көмекке зәру мыңдаған адамдар үшін шәкіртақы тағайындайтын ұйымның негізін қалады. Қор қаражаты жас таланттарға грандтарды, Опера үйі және Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы бірінші жеке опера үйі Мадленианум Театры сияқты ғылыми, техникалық жобаларды және мәдени жетістіктерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Қор Artzept бағдарламасы арқылы көркем мәдениетті де көтермелейді және дамытады, оның шеңберінде жас суретшілер мен дизайнерлерге бағалы жүлделер тапсырылады және түрлі көрмелерге қатысу мүмкіндіктері ұсынылады. «Жақсы және қолайлы дизайнға сену мәселенің бір жағы. Мәселенің екінші жағы – жаңадан туған және іскер талантты көрудің таза рахатына инвестиция жасау» - дейді Мадлена Цептер.

Филип Цептердің стратегиялық елесі салауатты өмір салтымен қолдау көрсетілетін дұрыс тамақтануға және әл-ауқатқа байланысты негізгі әлеуметтік мәселелер бүгінгі таңда анағұрлым өзекті екендігіне куә болады.

Филип Цептер мырза алған басқа марапаттардың ішінде – беделді халықаралық «Алтын Меркурий» марапаты (итальян өнеркәсібін дамытудағы жетекші рөлі үшін 5 рет тапсырылды); итальяндық қоғам және «Cavaliere del Lavoro della Repubblica Italiana» өнеркәсібі алдындағы үздік еңбегі үшін сыйақы, сапа, көшбасшылық, технологиялар және инновациялар үшін «B.I.D. Gold» марапаты және медицинаға және қоғамдық денсаулықты қорғауға қосқан үлесі үшін Ресей ғылым академиясының Күміс Құрмет Медалі бар.

Цептер мырзаның мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге ұмтылуы оның жұмысымен қамтылған өмірлердің орасан зор санының, оның «Халықаралық Қызыл Крест», «ЮНИСЕФ» және «Балаларды Құтқару» сияқты негізгі халықаралық қайырымдылық қоғамдары мен қорларына тұрақты түрде елеулі қайырымдылық көмектерінің арқасында көзге анық көрініп тұр. Мадагаскар аралында жүздеген үйлерден тұратын, ZEPTER International компаниясы негізін қалаған ауыл бар, ол жерде бастауыш және орта мектептер мен медициналық клиника жұмыс істейді. Сондай-ақ, Цептер мырзаның құрметіне Күн жүйесінен тыс планеталардың бірі аталды.

Эллис Аралының Құрмет Медалін алу жетістіктердің кең қатарын толықтырады және Цептер мырзаның қайырымдылық қызметінің шын мәніндегі шектеулерінің көрінісі болады.
 

www.neco.org

Филип Цептер,
ZEPTER International компаниясының Президенті
және негізін қалаушы, оның шынайы қайырымдылық
қолдауы және ғажайып Денсаулық Миссиясы үшін
«Эллис Аралының Құрмет Медалі»
беделді марапатына ие бес шетелдіктің бірі болды.


Филип Цептер мырза Құрмет Медалін алу үшін Эллис аралына қонады
ЖОҒАРЫ ИДЕАЛДАР

БІЗ ӨЗ ӨНІМІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ.
БІЗ ОНЫҢ ЖЕТІК САПАСЫН, ҒАЖАЙЫП ДИЗАЙНЫН ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҒЫН МАҚТАН ТҰТАМЫЗ.

БІЗ ӨЗ ЖҰМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІЗ.
БІЗ БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕРДІ ҚАДІРЛЕЙМІЗ.
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІҢ НЕГІЗІНДЕ МЫНАДАЙ НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ ҰСТАНЫМ ЖАТЫР:
СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ БЕН СҰЛУЛЫҒЫҢЫЗ.

Филип Цептер


Цептер мырза «Эллис Аралының Құрмет Медалі» беделді марапатына ие бес шетелдіктердің бірі болды
Цептер отбасы кәсіпкерлік те, коммерциялық емес те қызметтің айтарлықтай тәжірибесіне ие.
1994 жылы Цептер мырза мен оның жұбайы «Филип және Мадлена Цептер Қорының» негізін қалады»
Цептер мырзаның мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге ұмтылуы оның жұмысымен, «Халықаралық Қызыл Крест»,  «ЮНИСЕФ» және «Балаларды құтқару» сияқты негізгі халықаралық қайырымдылық қоғамдары мен қорларына тұрақты түрде айтарлықтай қайырымдылық көмектерімен қамтылған өмірлердің орасан зор санының арқасында анық көрінеді.


Zepter: Алтын Ғасыр, Халықаралық бизнес-конференция - 2010

«ZEPTER Алтын ғасыры» халықаралық бизнес-конференциясы бүкіл әлемнен келген топ-менеджерлерді біріктіру және жаңа өнімнің ең жаңа технологиялық әзірлемелерін және тамаша дизайнын көрсету үшін ұйымдастырылды. ZEPTER миссиясы – денсаулық және сұлулық миссиясына сәйкес әзірленген ең жоғары сападағы өнімдер.
«ZEPTER Алтын ғасыры» бүкіл әлемнен келген компания қызметкерлеріне ZEPTER International позициясын үлкен бизнес әлемінде алға жылжыту үшін иделармен, білімдермен, дағдылармен, тәжірибемен бөлісу мүмкіндігін берді. Бүкіл бизнес-қауымдастық проблемаларды бастан өткізіп, позицияларын жоғалтып жатқан кезде, ZEPTER жаңа нарықтарды игеріп және игерілгендерінде өзінің қатысуын кеңейтуде. Бұл компанияның өсуі үшін ең жақсы уақыт. Бұл жаңа қызметкерлерді жалдау үшін ең жақсы уақыт. ZEPTER адамдарға саяхат жасау, халықаралық жарыстарға, марапаттауларға және рәсімдерге қатысу мүмкіндігімен халықаралық компаниялардағы жан-жақты қолдау, мансаптың орасан зор әлеуеті жағдайларында қандай да бір қаржы салымдарынсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жұмыс іздеген барлық адамдарға, үздік жұмысқа, үздік жалақыға, қосымша табысқа немесе өмірдің үздік сапасына ZEPTER-дің есегі ірқашан ашық. ZEPTER-де жұмыс істеу тұрақтылық пен қауіпсіздік береді, адамдарды шабыттандырады және табыс еңбек етуге үйретеді. ZEPTER International табысқа қол жеткізуге ынта білдірген әрбір адамды жұмысқа қабылдай отырып, өз штатын үнемі кеңейтуде. ZEPTER бүгінгі таңда басқа бірде бір компания ұсына алмайтын жағдайларды ұсынады – әлемнің кез келген түпкіріндегі өсудің орасан зор әлеуеті бар кепілдік берілген жұмыс. ZEPTER-дің тамаша өнімдері өмірді жақсы жағына қарай өзгертеді, адамдарға бос уақыт және неғұрлым ұзақ, салауатты және бақытты өмір сыйлайды.

Zepter: фараондар өңіріндегі алтын ғасыр

Алты күнге Порт Галиб, Марса Алам дүниежүзінен ZEPTER-дің ең үздік қызметкерлері ZEPTER үлгіснідегі армандарын іске асыру үшін Қызыл теңіз жағалауына келуінің арқасында әлем орталығына айналды. 2 ақпанда қонақтарды Crowne Plaza Resort отеліндегі кездесуде жылы қарсы алды. Келесі екі күн ZEPTER Speed жұмыс барысындағы кеңесіне арналды. Дамудың және бастаманың жаңа перспективалары ZEPTER-дің барлық брендтерін - Zepter Medical, Zepter Cosmetics&Luxury, Zepter HomeArt және Zepter HomeCare ұсынған көптеген елдерден келген барлық маңызды тұлғалардың сөз сөйлеулерінің түйініне айналды. Бизнес-конференция «ақ дресс-коды бар салтанатты ойын-сауық іс-шарасы – «Ақ түстегі кешпен» аяқталды. ZEPTER Fashion TV-мен ынтымақтастықта топ-модельдердің конкурсын өткізді, мұнда керемет сұлу қатысушылар «Ақ түстегі кеш» подиумында мәреге шығуға таласты. Бұл кештің жүргізушілері сән және музыкалық хаус-сахна әлемінің сүйіктісі Anja J және әйгілі DJ TaniaLaCroix болды. 5 ақпанда митинг қызу шегі – Порт Галиба халықаралық конгресс-орталығындағы ірі Үлкен ZEPTER-шоуға жетті. Мерекелі іс-шара ZEPTER-дің жаңа өнімінің тұсаукесерін де қамтыды: ZEPTER-дің электртегістеу революциялық күюге қарсы технологиясы бар Masterpiece топтамасының ыдыс-аяғы және ZEPTER-ден нағыз кофе – Ze-presso кофесі. Бұдан бөлек, жаңа онжылдықтағы имиджді ауыстырған вакуумдеу жүйесі - Vacsy-мен құпия пердесі ашылды. Zepter Cosmetics Swisso Logical Philip Extreme иіс суын, ал Zepter HomeCare 1-де 2 TURBOhandy – тазалау жүйесін ұсынды. Үлкен ZEPTER-шоу қонақтарын ZEPTER International компаниясының негізін қалаушы және Президенті теңдесі жоқ Филип Цептер мырзаның сөздері шабыттандырды. Атақты египет дауылпазшысы Said El Artist өзінің Musicians of the Nile тобымен көпшіліктің көңілін көтерді. Бразиялық колоритті Ze-presso Café-нің іске қосылуын қолдаған бишілер мен дауылпазшылар толықтырды. Мерекеге ZEPTER International-мен ұзақ уақыт бойы тығыз ынтымақтастық жасаған Fashion TV телеарнасының негізін қалаушы және Президенті Мишель Адам мырза қатысты. Цептер мырза ZEPTER консультанттары мен менеджерлеріне алғысын айтты, олар жылдық жоспарды артығымен орындады және олар 1 млн еуродан астам мөлшерде ақшалай сыйақылармен, сондай-ақ бес Mercedes автомобильдерімен және басқа бағалы жүлделермен марапатталды. Митингтің бесінші күні ZEPTER-дің Олимпиада Ойындары өтті, оның барысында командалар жағажай волейболы мен футболдан жарысты. Бірінші орынды Ресей алды, екінші Прибалтикадан келген команда болды, ал үшінші орын халықаралық командаға бұйырды. Сол кеште египеттік гала-кешкі аста Гран-при ZEPTER-дің финалы өтті. Рико және оның тобы, Египеттің ірі жұлдыздарының бірі Naughan, бөксе биінің танымал орындаушысы, атақты Джослин Браун, сондай-ақ Лондоннан келген Faze Action Disco Funk Band қонақтардың көңілін көтерді. Қонақтар түні бойы биледі және келесі күні үйлеріне жылы естеліктерді әкете отырып, Қызыл теңіз жағалауынан кетті...

ZEPTER International 2010 халықаралық
бизнес-конференциясының жарнамалық материалдары

Zepter: Алтын ғасыр, халықаралық бизнес-конференция 2010, Филип Цептер
Zepter: Алтын ғасыр, халықаралық бизнес-конференция 2010, Галиб Порты, Египеттегі Қызыл теңіз жағалауы
Zepter: Алтын ғасыр, халықаралық бизнес-конференция 2010, бишілер
Zepter: Алтын ғасыр, халықаралық бизнес-конференция 2010, Джослин Браун
Zepter: Алтын ғасыр, халықаралық бизнес-конференция 2010, FTV топ-модельдері


Монако князі тарихи моторлы қайықты сыйлыққа қабылдап және оны өзінің топтамасына енгізіп, Филип Цептерге құрмет көрсетті

Гвидо Каппеллини өзінің оныншы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған моторлы қайықты Филип Цептер мырза Монако князінің антиквар автомобильдерінің жеке топтамасына сыйлық ретінде тарту етті.

Монако князьдігі үшін тарихи күн, ZEPTER International үшін тарихи күн және әрине, Гвидо Каппеллини үшін елеуі оқиға. 2010 жылғы 2 шілдеде бекзада Монако Альберт II CollectiondeVoituresAnciennesde S.A.S. lePrincedeMonaco (ескі және атағы шыққан автомобильдердің корольдік топтамасын) Гвидо Каппеллини теңдесі жоқ оныншы әлем чемпионы атағын жеңіп алған F1 моторлы қайығымен толтырды.

ZEPTER International компаниясының президенті және негізін қалаушы және Каппеллинидің тұрақты демеушісі Филип Цептер мырзаның шын көңілмен сыйлыққа берген суда қозғалу құралы бірінші рет мұражай экспонаты болды. Бұған дейін тек автомобильдер ғана мұндай құрметке ие болған еді. DAC CM 2009 моторлы қайығы өткен жылғы желтоқсан айында Каппеллини өзінің оныншы рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған кезде, тарихқа кірген болатын, енді ол мұражайдағы тұрақты экспозицияға айналды және қайықтың бортында атауы бейнеленген Каппеллини мен ZEPTER жетістіктерінің мәңгі куәсі болады.

ZEPTER Князь Альберт Каппеллини



Artzept көрме залы

Миландағы Artzept жаңа үйі

Artzept көрмесі бүкіл әлемді айналып шыққан соң, ол ZEPTER International-дің өнеркәсіптік орталығындағы тұрақты экспозицияға айналады. Artzept, дизайн облысындағы жетекші еуропалық сыйақы, енді бес құрлықтағы 40-тан астам елде табысқа қол жеткізген және адамдарды шабыттандырған халықаралық компанияның отанында тұрақты «тұрғылықты жері» болады.

2010 жылғы 10 маусымда MenfiIndustria (ZEPTER компаниясы) ғимаратының жарқыраған қабылдау залы әдеттен тыс көрме өткізді. Мадлена Цептер өнер туындыларының үлкен жеке топтамасының заттары қабырғаны әшекейлеп тұрды, бұл кезде құрметті қонақтар Цептер мырза мен ханымның келуін күтіп, көрмеге келген достар және қонақтар әңгімелесіп тұрды.

Лентаны қию жауапты миссиясын орындап, дүниежүзіне әйгілі меценат және өнер әуесқойы Мадлена Цептер ханым тартымды сөз сөйлеп, былай деді: «Адам шығармашылығы инвестициялардың жоғары нысаны болып табылады. Жақсы және қолайлы дизайнға сену мәселенің бір жағы. Мәселенің екінші жағы – жаңадан туған және іскер талантты көрудің таза рахатына инвестиция жасау».

Artzept көрме залы


ZEPTER Lifestyle, Милан

ZEPTER ашылуы Миланды әдемі ете түсті

Миланның дәл орталығында, қаланың тамаша доминанты, Дуомо шіркеуінің көлеңкесінде, әсем ғимараттар мен маңайды дірілдеткен трамайлардың арасында Милан сәнінің соғып тұрған жүрегі Triangolod'Oro орналасқан. Нақ осы жерде эксклюзивті дизайнерлер көпшілігінің флагманды дүкендері мен көрме залдары орналасқан.

Тамаша жазғы кештердің бірінші, 9 маусымда, осы көшелердегі толқу анық сезіліп тұрды, өйткені бүкіл әлемге белгілі сауда ауданы жаңа көрші - ZEPTER Lifestyle-ні құрметпен қарсы алды. ZEPTER International қаланың ең салтанатты көшелерінің тәжінде асыл тас сияқты SanPietroall'Orto 10 көшесінде жарқырап тұр.

ZEPTER әлемнің ірі қалаларының ең беделді көшелеріндегі 500 астам дүкендерге ие, енді оның таң қалдыратын портфолиосы ішінде өзге көрме залдары мен дегдарлы дүкендерінің арасында Милан да бар. ZEPTER Lifestyle Милан керемет салонын салтанатты ашу кезінде лентаны компания Президенті Филип Цептер мырза және оның жұбайы Мадлена Цептер кесті.

ZEPTER Lifestyle, Милан



БАСПАСӨЗ

Кез келген мәселе бойынша ZEPTER баспасөз қызметіне хабарласыңыз:

 
ZEPTER елін таңдаңыз

Zepter International

ZEPTER International баспасөз хабарламасы

Zepter: Алтын ғасыр, логотип

«ZEPTER Алтын ғасыры», халықаралық бизнес-конференция - 2010

жарнамалық материалдар

баспасөз хабарламасы



Artzept

ARTZEPT 2014
Дизайнерлер арасындағы халықаралық конкурс

Artzept – бұл дизайнерлер арасындағы Мадлена Цептер ханым негізін қалаған халықаралық конкурс. Artzept бүкіл әлемдегі неғұрлым талантты жас дизайнерлерге лайықты түрде танылуды әкеледі, сондай-ақ оларға кез келген жас интерьер дизайнері армандай алатын бүкіл Еуропа бойынша ZEPTER-дің беделді дүкендерінде өз жұмыстарын көрсету мүмкіндігімен қатар жүлделер мен атақ сыйлайды. Сондай-ақ ZEPTER International-дің қуатты демеушісі сияқты Artzept болашақтың адамдары үшін болашақ үйді салуға ұмтылады. ZEPTER International қазіргі ұрпақ үшін денсаулықты күшейтуге және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне сенімділікті арттыру үшін үйге арналған жоғары класты өнімді шығара отырып, осы мақсатқа қол жеткізеді.

ARTZEPT МИССИЯСЫ КӨРКЕМ ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕС ПЕН ӨНЕРДІ, АҚЫЛ-ОЙ МЕН ЭМОЦИЯНЫ, ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҚ ПЕН МӘНДІЛІКТІ БІРІКТІРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.


Artzept 2014 «Косметикалық флакондар мен контейнерлер»
байқауының жеңімпаздары
Artzept 2014 – «КосметиКАЛЫҚ ФЛАКОНДАР МЕН контейнерЛЕР – СҰЛУЛЫҚҚА ТЫРЫСУ»

Қызалар алқасының шешімі:
1-ші жүлде - 10 000 еуро Франческа Тонелли, Италия
2-ші жүлде - 4 000 еуро ZEPTER де жасалған өнімнің баламасында, Лубос Патак, Словакия
3-ші жүлде - 3 000 еуро ZEPTER де жасалған өнімнің баламасында, Джин Машеро, Белоруссия

Арнаулы сыйлықтар сондай-ақ төмендегілерге ұсынған:
Ева Каниа – Давид Смид, Чех республика
Питер Лехоки – Михал Пораки, Словакия
Николай Кокорин, Ресей
Джереми Бейкер, АҚШТАР
Милан Каришик - Богдан Новакович, Сербия
Моника Прикрылова, Чех республика


Artzept жеңімпаздарын біліңіз 2014


Artzept 2014 байқауы жөнінде Artzeptте біліңіз!


ДЕМЕУШІЛІК

ZEPTER International – бұл күш, айбындылық, құштарлық және сенім тарихы

Көптеген жылдар бойы ZEPTER International Формула-1 автожарыстары (Монако, Канада және Бразилия) чемпионаты, F1 су-моторлы әлем чемпионаты, баскетболдан (FIBA) әлем және Еуропа чемпионаттары, шайбалы хоккейден (ресми демеуші және ұлттық құраманың демеушісі), футболдан, гандболдан және т.б. әлем чемпионаттары сияқты жүздеген әлемдік спорт жарыстарының бас демеушісі болып табылады. Біз көптеген басқа спорт іс-шараларына да қолдау көрсетеміз: Монте-Карлодағы ZEPTER HerculisIAAF GoldenLeague атлетикалық жарыстарынан бастап, Монте-Карлодағы, Штутгарттағы, Ганновердегі және Майоркадағы теннис турнирлері жарыстарына дейін, бұл ретте үнемі бір идеалға ұмтыламыз: НЕҒҰРЛЫМ ҰЗАҚ, САЛАУАТТЫ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ ӨМІР.

F1 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Бас демеуші және ZEPTER командасының демеушісі
1997-1998 ArrowsTeam
1999 Иордания командасы
2001 Гран-при, Бразилия - Бас демеуші
1997-1999-2000-2001-2002
Гран-при, Канада - Бас демеуші
2000-2001-2002-2003-2004-2005-2006-2007-2008-2009-2010-2011
Гран-при, Монако - Бас демеуші

F1 СУ-МОТОРЛЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

ZEPTER командасының ресми демеушісі
2000-2001
ZEPTER командасының бас демеушісі
2002-2003-2004-2005-2006-2007-2008-2009-2010

F3000 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Ресми демеуші
1998-1999 Fortec

F3000 ИТАЛИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

Ресми демеуші
2000 команда Benetton Durango

F3000 ҰЛЫБРИТАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

Ресми демеуші
2000 команда Benetton Junior

PORSCHE ЕУРОПАЛЫҚ СУПЕРКУБОГЫ

ZEPTER командасының бас демеушісі
1995-1996-1997-1998

VAUXHALL JUNIOR FORMULA

Ресми демеуші
1999 команда Lewis

ZEPTER HERCULIS IAAF

GOLDEN LEAGUE ATHLETIC MEETING
Бас демеуші
1997-1998-1999-2000 Монте-Карло

МАСТЕР-КЛАСС ZEPTER IAF

Бас демеуші
1998 Монте-Карло

INDOOR ATHLETIC MEETING

Ресми демеуші
1998 Тампере

ATHLETES STARS MEETING

Ресми демеуші
1998-2000 Риети

ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Ресми демеуші
1998 Швейцария
1999 Норвегия
2000 Ресей
2001 Германия
2002 Швеция
2003 Финляндия
2004 Чехия
2005 Австрия
2006 Латвия
2007 Ресей
2008 Канада
2010 Германия
2011 Словакия
Жіктеу матчтары:
2003 Хорватия, Венгрия
Ұлттық құрама командалардың ресми демеушісі:
2001-2002 Ресей және Украина
2003-2005 Ресей, Украина және Латвия
2004 Ресей, Украина, Латвия, Қазақстан және Канада
2005 Ресей, Украина, Қазақстан, Канада және Беларусь
2006 Қазақстан, Украина, Канада, Италия және Беларусь
2007 Беларусь, Украина, Канада және Италия
2008 Канада, Беларусь, Франция және Италия
2009 Канада, Беларусь, Франция және США
2010 Канада, Беларусь, Италия, Қазақстан

БАСКЕТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Бас демеуші
1997 Барселона
1998 ерлер арасында - Афины
1998 әйелдер арасында - Берлин
2002 ерлер арасында - Индианаполис, АҚШ
2002 әйелдер арасында - Қытай

БАСКЕТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ

Ресми демеуші
2001 Ерлер арасындағы Еуропа чемпионаты - Түркия
2002 Әйелдер арасындағы Еуролига - Франция
2002 Сапорты Кубогы - Франция
 

БАСКЕТБОЛДАН ИТАЛИЯ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ

Бас демеуші 2001-2002

FIBA

Ресми демеуші 2003-2011
- Әлем чемпионаты: 2010 Түркия, Чехия
- Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, жасөспірімдер:
2003 Хорватия; 2005; 2006-2009 Бразилия;
2009 Таиланд; 2010; 2011 Чили
- Ерлер арасындағы әлем чемпионаты, жасөспірімдер:
2003 Малайзия 2005; 2006 Жапония;
2007 Жаңа Зеландия, Мексика; 2010; 2011 Латвия
- 2003 Ерлер командалары арасындағы Еуропа чемпионаты,
Швеция; 2005; 2008 Греция;2009 Польша; 2011 Литва
- Әйелдер командалары арасындағы Еуропа чемпионаты:
2003 Греция; 2005; 2008 Испания; 2009 Латвия; 2011 Польша
- Ерлер және әйелдер арасындағы Бүкіламерикалық Олимпиада (Жіктеу матчтары): 2003; 2005; 2009; 2011
- Ерлер арасындағы Африка чемпионаты:
2003 Египет; 2005 ЮАР; 2009 Ливия
- Әйелдер арасындағы Африка чемпионаты: 2003
Мозамбик; 2005 Марокко; 2009
- 2004 Олимпиада ойындары,
Афины, клуб FIBA; 2010 Сингапур
- FIBA гауһар добы, әрбір құрлықтан 6 үздік команда: 2004 Белград
- 2008 Қытай - 2011 Жапония

МОНТЕ-КАРЛОДАҒЫ ТЕННИСТЕН ТУРНИР

Бас демеуші
1997-1998-1999 - Монте-Карло

EUROCARD OPEN ТЕННИСІНЕН ТУРНИР

Ресми демеуші
1998-1999 Штуттгарт

ATP ТЕННИСІНЕН ӘЛЕМДІК ТУРНИР

ЧЕМПИОНАТ
Ресми демеуші
1998 Ганновер

ТЕННИСТЕН ТУРНИР

Ресми демеуші
1999 Китцбюэль; Бухарест

МАЙОРКАДАҒЫ ТЕННИСТЕН АШЫҚ ТУРНИР

Ресми демеуші
1999-2000-2001

MASTERS ТЕННИС ТУРНИРІ

Ресми демеуші
2001 Штуттгарт

ATP MERCEDES SUPER 9 ТЕННИС ТУРНИРІ

ТУРНИР
Ресми демеуші
1998 Штуттгарт

ZEPTER ГОЛЬФТАН КӘСІПҚОЙ-ӘУЕСҚОЙ ТУРНИР

Бас демеуші
1999 Монте-Карло

ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

Бас демеуші
1999 Монте-Карло

МОНАКОДАҒЫ ЯХТА-ШОУ

Ресми демеуші
1999-2000 Монте-Карло

ФИТНЕС ФЕСТИВАЛІ

Ресми демеуші
1998 Италия

ZEPTER-дің СЫРЫҚПЕН СЕКІРУ БОЙЫНША ЖҰЛДЫЗДАРЫ

12 жыл Бас Демеуші мәртебесінде
1998-ден 2009-ға дейін

ГАНДБОЛДАН ЕУРОПАЛЫҚ ЖАРЫСТАР

2004 Словения

ФУТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР

2009-2010 Әлем Кубогының еуропалық жіктеуі

Zepter Тенниске демеушілік Zepter Хоккейге демеушілік Zepter Автожарысқа демеушілік
Zepter Баскетболға демеушілік Zepter F1 автожарысына демеушілік Zepter Яхта-шоуға демеушілік
Zepter F1 су-моторлы жарысына демеушілік, Гвидо Каппеллини Zepter F1 су-моторлы жарысына демеушілік Zepter F1 автожарысына демеушілік

ARTZEPT


Artzept
Халықаралық дизайнның 12-ші байқауы бүкіл әлемнің жас таланттары үшін өз есігін ашады
ARTZEPT 2015
Халықаралық дизайнның 12-ші байқауы бүкіл әлемнің жас таланттары үшін өз есігін ашады
 

 

Artzept 2015 – Әлемді жарықтандырайық

Байқау тақырыбы ARTZEPT ӘЛЕМДІ ЖАРЫҚТАНДЫРАЙЫҚ
Zepter "2015 – Жарық және Жарық Технологияларының халықаралық жылына" өз үлесін қосуда

Қатысушылар байқауға LED жарықтандыруды қолдана отырып, интерьерлік нысан немесе декоративті жарықтандыру жобаларының дизайнын ұсынулары тиіс.
Байқауға қатысу үшін барлық қатысушылар қызметтеріне сәйкес құндылықтарға ие эстетикалық қасиеттер, жарық нысандарын, жарық шашатын дизайн нысандарын ұсынулары тиіс.

Үңгірлерде жарық шашқан оттан, ежелгі шамшырақтардан, ежелгі ғибадатханалар мен қорғандардан бастап алғашқы электр шамдары мен жарықтандырудың озық заманауи технологиялары, неон шамдары мен LED жарық диодтарына дейін адам үнемі жарық қызметтілігінің мәселесін өзінше шешуге тырысып келді. Бүгінгі таңдағы біздің байқауымыз жарықтың декоративті және эстетикалық құрамдас қайнарларына, яғни – өнер және дизайн ретіндегі жарықтандыруға бағытталып отыр.

Барлық ұсынылған жұмыстар байқау тақырыбына сәйкес келетін, біруақытта тауарлардың шектеулі серияларын өндіру үшін сай, қызметтілігі мол және эстетикалық, қағидалық түрдегі жаңа әрі түпнұсқа өңдеулер болуы тиіс. Барлық жобалар 3D сандық үлгілер нысанында (заттың пішінін, сыртқы түрін және қолдану мақсатын, сонымен бірге үстіңгі беттердің көлемдерін, материалдарын, жабыны мен бояуын анық көрсететін, жоғары сапалы фотосуреттерден тұратын CAD/CAM немесе CAID бағдарламаларда құрылған) немесе сәйкес материалдардан (металл, ағаш, керамика, композиттік материалдар және/немесе пластиканың кез-келген түрлері) орындалған 3D жеке үлгілер ретінде ұсынылулары тиіс.
Жұмыстарды тапсырудың ең соңғы мерзімі: 30 қыркүйек 2015 ж.

Жебеуші Мaдлена Цептер ханым 2004 жылы Artzept конкурсын құрды, әрбір жыл сайын ол кең танымалдыққа ие. Бүгін Artzept дизайн бойынша әлемдегі ең әйгілі конкурстардың бірі болып есептелінеді. Жыл сайын Цептер ханым кезекті конкурстың тақырыбын белгілейді, ал құрамына бүкіл әлемге танымал өнер қайраткерлері кіретін құзыретті қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалайды. Осы жылы жеңімпаздарды қазылар алқасы белгілейді, оның құрамына: Гордана Биба Маркович өнер танушы және сыншы, арт-директор Карло Маньоли және өнеркәсіптік дизайнер профессор Коста Крсманович кірді.

Конкурс жас дарынды дизайнерлер үшін ашылды. Конкурс мақсаты – жаңа идеялар іздестіру, сондай-ақ дарынды дизайнерлердіңң шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау. Конкурс рухы ZEPTER International компаниясының Денсаулық миссиясына сәйкес келеді, ол жоғары сапалы өнім жасап шығара отырып, бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сапасын арттыруға ұмтылады. Осы жылы жүлдегер-жұмыс бас жүлде - 10 000 еуро, екінші жүлде – ZEPTER-де жасалған өнімнің баламасында 4 000 еуро және үшінші жүлде - ZEPTER-де жасалған өнімнің баламасында 3 000 еуро алады.

Конкурс жеңімпаздарының жұмыстары бүкіл әлем бойынша салтанатты ZEPTER дүкендеріне қойылатын болады.

Конкурс туралы анағұрлым толық ақпарат мынадай сайтта: www.artzept.com




Artzept 2014 «Косметикалық флакондар мен контейнерлер» байқауының жеңімпаздары -


Вена қаласында Ферстель сарайында өткен өте керемет салауатты кешінде Франческа Тонелли ханым және оның суретші-әріптестері марапатталды.
Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер


1ші орын - 10,000 €


Франческа Тонелли, Италия

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, 1-ші жүлде – Италиядан Франческа Тонелли

2ші орын - 4,000 €
Zepter өнімдерімен

Лубос Патак, Словакия

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, 2-ші жүлде - Словакиядан Любош Патак

3ші орын - 3,000 €
Zepter өнімдерімен

Джин Машеро, Белоруссия

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, 3-ші орын  - Белоруиядан Жанна Машеро
 
 

 

Арнаулы сыйлық

Ева Каниа – Давид Смид,
Чех республика

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, Мақтау грамотасы - Ева Кане - Дэвид Шмид, Чехия

Арнаулы сыйлық

Питер Лехоки – Михал Пораки,
Словакия

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, Мақтау грамотасы - Питер Лехоки - Михал Пораки, Словакия

Арнаулы сыйлық

Николай Кокорин,
Ресей

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, Құрмет дипломы  - Николай Кокорин, Россия

Арнаулы сыйлық

Джереми Бейкер,
АҚШТАР

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, Құрмет дипломы - Джереми Бейкер, США

Арнаулы сыйлық

Милан Каришик - Богдан Новакович,
Сербия

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, Мақтау грамотасы - Милан Каришик - Богдан Новакович, Сербия

Арнаулы сыйлық

Моника Прикрылова,
Чех республика

Artzept косметикалық флакондар мен контейнерлер, Мақтау грамотасы - Моника Прикрылова, Чехия